Саясат • 24 Мамыр, 2018

 ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті

975 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті. 

 ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті

Оған ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров пен ҰҚШҰ біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров қатысты.

Отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс ведомствосы басшылары Орталық Азия аймағындағы ұжымдық қауіпсіздікке қатысты сын-қатер мен әскери қауіпсіздікке төнген қауіп­терді талқылады. Сондай-ақ Ұжым­дық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйы­мы­ның алдағы жылғы басқару органдары, құрама және құрылымдық күштер жүйесінің бірлескен даярлық жоспарын, 2018 жылдың жартысына, 2019 жылдың бірінші жартысына ішкі саясат, қауіпсіздік пен қор­­ға­ныс мәселесі бо­йынша кеңес беру жоспарын мақұлдады.

Сонымен қа­тар 2020 жылға дейінгі кезеңге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қару­­лы күш­тері үшін әскери мама­н­дар­дың бір­лескен даярлығы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шара­ларының жоспарын қабыл­дады. «Оты­рыста ұйымға мүше мемле­кет­­тер­дің ұжымдық қауіп­сіздігі мен тұрақ­ты­лығын нығайтуға қатыс­­ты мәсе­ле­лер қаралды. Ал кезекті отырыс 2018 жыл­дың екінші жарты­жыл­ды­ғында өтеді», деді еліміздің Қорғаныс министрі.

Ал ҰҚШҰ Бас хатшысы Юрий Хачатуров отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі отырысында қатысушы елдердің Қорғаныс министрлері ҰҚШҰ біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың өкілеттілігін тағы 3 жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлады. Енді бұл шешімді ҰҚШҰ мүше елдерінің мемлекет басшылары қолдауы қажет.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»